Іс -шаралар

25 мамыр күні мектебімізде «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында мектеп бітіруші түлектердің іс-шарасы болып өтті. Іс-шараның мақсаты: 2023-2024 оқу жылын қорытындылау, оқушыларды ұстаздарды құрметтеуге, ұшқан ұясына қамқор болуға, алған білімдерін пайдалана алуына, әр бір істің нәтижесін қорытындылай білуге, адал азамат болуға тәрбиелеу. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар, 10 сынып оқушылары және мектеп түлектері 11 "А" және 11 "Б" сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында мектеп директоры Мендыбаев А. Б. құтықттау сөз сөйлеп, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бейсембаева Г. О. оқушыларды бұйрықпен таныстырды, ата-аналар, сынып жетекшілері құттықтау сөз сөйледі. Мектеп түлектерінің орындауында вальс, "Бір үйдің балалары" әнін орындады, 1 сынып оқушылары жылы лебіздерін тақпақтары арқылы білдірді, 3 "В" сынып оқушысы Надиров Мухаммад "Атамекенім" әнін орындады. Іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шараға барлығы 115 адам қатысты.